Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Елімізде қоғамдық көліктер ауысымның басында және аяғында тазаланса, енді әр рейс сайын тазалау туралы талап қойылды.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әдетте қоғамдық көліктер ауысымның басында және аяғында тазаланса, енді біз оны әр рейс сайын тазалау туралы талап қойып отырмыз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Сондай-ақ, ол медициналық маска мәселесі туралы айтты.
«Қазақстанда медициналық маска шығарылады. Былтыр тұрғындардың 80% отандық маскаларды қолданған. Тұрғындардың маскаларды сатып алғаны, кейбірі өзіне, кейбірі қайта сату үшін сатып алғаны туралы мәселе бар. Қазіргі уақытта бұл мәселе шешімін тапты», - дейді ол.