Біртанов еліміздегі маска мәселесі туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі маска жетіспеушілік мәселесінің қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
- Бізде маска өндірісі бар. Былтыр 20 пайыз импорттан болатын... Қазір тұрғындар өзіне не қайта сатуға маскаларды сатып алды. Қазір маскалар мен дезинфекция заттарын көбірек шығару мәселесі қатаң бақылауда. Алдымен медициналық мекемелер мен дәріханаларға жеткізіледі, - деді Біртанов.
Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бұл мәселенің Үкімет басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті.
- Маскамен қамту мәселесі премьер-министрдің тікелей бақылауында. Қазір күніге қанша маска шығарылатынын қадағалап отыр. Қазір күніне 230 мың масқа өндіріледі. Мұны 250 мыңға дейін көтеру қарастырылып жатыр. Еліміз бойынша 1700 дәріхананы маскамен қамту көзделген... Дегенмен еліміздегі барлық дәріханадағы маска бағасын 100 пайыз бақылау мүмкін емес болып тұр, - деді Тоғжанов.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап мектептер каникулға шығатынын хабарлаған едік. Сондай-ақ, Біртанов автобустарда әр рейс сайындезинфекция жасалатынын айтты. ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша,
Қазақстан халқына азық-түлік жеткілікті.