Елімізде коронавирустың кесірінен барлық спорттық шаралар тоқтатылды

Oinet.kz 11-03-2020 1090

Қазақстанда барлық бұқаралық спорттық шаралар тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

2020031116485123147_2020031116201424796_c854a9219d06ecbad994.jpg

Спорттық іс-шараларға салынған тыйым туралы ақпаратты Sputnik Қазақстан агенттігіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы растады.

- "Иә, бәрі дұрыс. Коронавирустың кесірінен барлық спорттық іс-шаралар тоқтатылды", - деді баспасөз хатшысы Қазақстанда өтетін бұқаралық спорттық жарыстарға шектеу қойылғаны рас па деген сұраққа берген жауабында.

- Бұл шектеу оқу-жаттығу жиындарына немесе халықаралық жарыстарға баратын ұлттық құрамаларға да қатысты. Уақытына тоқталсақ, бұл осы жылдың бірінші жарты жылдығына қатысты шаралар, - деп қосты агенттікке сұхбат беруші.

Қазір "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынап жатыр. Команданың матчтарын кейінге шегеру немесе оны тоқтату туралы шешім әлі қабылданған жоқ.

- "Барыс" хоккей клубына қатысты мәселе қазір қарастырылып жатыр. Хоккей клубтарына артықшылық беріліп, матчтар өткізіліп қалуы да мүмкін, - деді комитет өкілі.

Еліміз «оралман» сөзінен ресми түрде құтылды
Шымкентте кепілдендірілген әлеметтік пакет алған көпбалалы ана алғыс айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу