Нығматулин - Оразбекке: Сіз неге қазақ тілінде жауап бермейсіз?

Oinet.kz 11-03-2020 1134

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасы және оған ілеспе заң жобасымен бірінші оқылымда мақұлданды.

image.png

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Наринэ Микаелян Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбекке цифрландыруды белсенді жылжыту жағдайында әкімшілік әділетті енгізуге қатысты мемлекеттік тілде бірқатар сұрақтар қойды.

Дегенмен, Мәжіліс Төрағасы мемлекеттік тілде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап бермеген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбекті сынға алды.

"Әрине, бізде аударма бар. Осы залда отырған әрбір азаматқа қай тілде сөйлеймін десе де жағдай жасалған. Бірақ та, басқа ұлттың азаматтары қазақ тілінде сайрап тұрғанда, Сіздің мемлекеттік тілде жауап бермегеніңіз дұрыс емес", - деді Нұрлан Нығматулин.

Кодекс жобасының негізгі мақсаты – азаматтарға басқарушылық шешімдерді қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктерді бекіту және билік органдарымен бірге жоғары тұрған орган мен сотта дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін белгілеу болып табылады.



Көріпкел Бақыт Жұматова: «Қазақстанға коронавирус келмейді»
Таразда карантиннен қашып жүрген әйел ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу