Таразда карантиннен қашып жүрген әйел ұсталды

Oinet.kz 11-03-2020 1953

Мессенджерлерде карантиннен өтпеген әйелдің іздестіріліп жатқаны туралы хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

© Tengrinews.kz коллажы

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Жамбыл облысы тұрғынының карантинге жатудан бас тартқаны туралы хабарламалар тарап жатыр. Мұндай хабар Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасына 8 наурызда келіп түскен. Мамандар әйел адаммен екі сағат түсіндірме жұмыстарын жүргізді, заңнама бойынша карантинге жатқызылуы керек екені айтылды", - дейді министрліктегілер.

Ведомство мәліметінше, 8 наурызда ол 14 күнге карантинге жатқызылды.

"Бүгінде оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы көтерілген жоқ, вирустың белгілері жоқ. Карантин кезінде сыртқа шығуға болмайтынын айтып өту керек", - деді министрліктегілер.

Нығматулин - Оразбекке: Сіз неге қазақ тілінде жауап бермейсіз?
Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбай рақымшылыққа ілінуі мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу