Қытайда шаштараздар клиенттердің басын таяқпен жуып жүр

Oinet.kz 06-03-2020 1300

Қытайда шаштараздар коронавирустан сақтану үшін клиенттірінің шашын ұзын таяқтар көмегімен жуып, қысқартып жүр, - деп хабарлайды New York Post.

image.png

Сұлулық салондардың қызметкерлері қайшы, щетка және басқа да құралдарын таяқшалардың ұшына бекітіп қойған, деген ақпарат бар. Олардың ұзындығы шамамен 100 сантиметр. Шаштараздар басқа адамдарға тимесе, вирус жұқтырмайды деп үміттенеді. 

Бұған дейін Қытай үкіметі тұрғындарға вирустың таралуына жол бермеу үшін кез келген физикалық байланыстан бас тартуды ұсынған. Қауіпсіздік үшін кей тұрғындар сәлемдесудің жаңа түрін де ойлап тапты. 

Еске салайық, Қытайда коронавирус жұқтырған 80 мыңнан астам адам тіркелген. 3 мыңға жуық адам қайтыс болды. Әлем бойынша барлығы 98 429 адам вирус жұқтырған.

Видеоға сілтеме.

45 миллион теңге салынған сөмке ұрланды
Тальго жобасы неліктен жабылғалы жатыр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу