Қаза болған жігітке айып тағылды
Күні кеше Қордайдағы қақтығыстан соң қираған сауда орталығының ішінен табылған Мұрат Масановты жақындары жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтарына сілтеме берген Oinet.kz.
Жас жігіттің жаназасына жиылған жұрттың қарасы қалың. Мұраттың туыстары жергілікті халық пен полицейлердің жұмыстарына көңілдері толмайтындарын айтады. Бүгінгі күнге дейін бірде бір рет хабарласып, іздеу жұмыстары жайлы тіс жармаған көрінеді. Ал, мәйітті берер кезде полицейлер марқұмға жала жауып қорлады дейді.
- Қазір любой адамнан сұрап шығыңызшы ішінен қандай болды інім. Ол ұрлықшы емес, наоборот бәріне көмектеседі. Кеше қандай сөз естідім мен, - дейді марқұмның жалғыз әпкесі.
Масаншыдағы оқиға болған күні Мұрат көрші ауылға нағашыларынан сүйінші сұрауға кетіп, сол күйі үйіне қайта оралмаған. Тоғызыншы ақпан күін жігіттің әкесі полиция қызметкерлеріне баласының жоғалғандығы туралы хабар береді. Екі күннен соң Масаншыдағы қирандылар астынан бір мәйіт табылған еді. Күні кеше сараптама жұмыстары аяқталып, оның марқұм Мұрат екендігі белгілі болған еді.