Мұрат Әйтенов мереке күні өз еркімен жұмысқа шығатынын айтты
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тілшілермен сұхбаттасу барысында 9 наурыз демалыс күні болса да, жұмысқа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Қала басшысы кез-келген мемлекеттік қызметкер ешкім оны мәжбүрлемесе де жұмысқа шығуға болатынын айтып өтті.
- "Мен өз басым бұл күні демалыс болса да жұмысқа шығамын. Бұл өз шешімім. Кім де кім жұмысқа шыққысы келсе өзі біледі", - деді Мұрат Әйтенов.