Бердібек Сапарбаев Олимпиада жүлдегерін қабылдап 500 мың теңге сыйақы берді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен оның бапкері Ғалымжан Жылгелдиевті қабылдады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Облыс әкімі дзюдошы мен оның бапкеріне жақында қол жеткізген жеңісімен құттықтап, оларға 500 мың және 300 мың теңге ақшалай сертификаттар табыстады. Өңір басшысы спортшыға алдағы додаларда сәттілік тілесе, дзюдошы да биыл өтетін Токио Олимпиадасында алтын жүлде алуға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Елдос Сметов жақында ғана Франция астанасы Парижде өткен өткен Grand Slam халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болған еді.