Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Коронавирусқа шалдыққан 100-ден аса Қытай азаматы ауруханада емделіп жатыр деген ақпарат күллі Алматы жұртын дүрліктіріп жатыр. Тіпті, Бұқаралық ақпарат құралдары біреулердің аты-жөні жазылған құжаттардың көшірмелерін жарыса жариялады. Бұл туралы Алматының бас дәрігері ресми мәлімет жариялаған. Бұл туралы "Басты жаңалықтарда " айтылды деп хабарлайды Oinet.kz.
Шын мәнінде коронавирустың ошағынан келген Қытайлықтар Алматыда карантинге жабылған. Күн сайын қауіпті аймақтан келетін жолаушылар қатары артып жатқан көрінеді. Карантинде жатқан Қытай азаматтары жаңа жылды өз елдерінде қарсы алу үшін барып келіпті. Тікелей рейстер тоқтатылғандықтан олар Дубай, Мәскеу тағы басқа тыйым салынбаған бағыттар арқылы жеткен. Қытайдан келген азаматтар екі апта бақылаудан соң да дәрігерлердің тікелей бақылауында болмақ. Дәрігерлер 3000-ға жуық карантиннен шыққан азаматтарды бақылаудан шығармай отырған көрінеді.