Түрмеде жазықсыз 23 жыл отырған азамат 570 млн теңгеге жуық ақша алды

Oinet.kz 04-03-2020 918

Түрмеде 23 жыл жазықсыз отырған АҚШ-тың Канзас штатының тұрғыны Ламонт Макинтайрға 1,5 миллион доллар көлемінде (570 млн теңгеге жуық) ақша берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме берген Oinet.kz.

image.png

Unilad басылымының мәліметінше, АҚШ тұрғыны 1994 жылы екі адам өлтірді деген күдікке ілініп, темір торға тоғытылған.

Айыпталушы абақтыда 8 583 күнін өткізіп, 2017 жылы 41 жасында бостандыққа шықты.

Өмірінің тең жартысын түрмеде өткізген Ламонт Макинтайр 2019 жылы Канзас штатына арыз жазып, мемлекеттен моральдық және материалдық шығынды өтеуді талап еткен.

Нәтижесінде оның шағымы қаралып бір жарым миллион доллардан бөлек, кінәсі жоқ екенін дәлелдейтін сертификат, 2020-2021 жылдардағы мемлекеттік медициналық қызметке тегін жүгіну мүмкіндігі берілді.

Сондай-ақ, ер адам жоғарғы оқу орнында тегін білім алатын болады.

"Канзас штаты менің 23 жылым мен жастық шағымды алып қойды. Туған күндерім мен отбасымен бірге өткізетін мерекелерден айырылдым. Жақындарыма көмек керек болған кезде жанында болмадым. Анам әкесінен, менің сүйікті атамнан айырылған уақытта жұбата алмадым", - деді ер адам.


Тұрғымбаев: «Полиция алдағы уақытта да ел қауіпсіздігі үшін қызмет етпек»
Сайрагүл Сауытбай «Халықаралық батыр әйелдер» марапатын иеленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу