Алматы облысында 152 браконьер жауапқа тартылды

Oinet.kz 20-02-2020 918

Алматы облысы аумағында полицейлер биыл табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 162 дерегін анықтаған. Оның 12 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген, деп хабарлайды Kazinform.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

191014213903329e.jpg

- «Қоршаған орта мен табиғи байлықты қорғау мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы күндері облыс аумағында «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Мүдделі табиғат қорғау органдарымен бірлесіп, браконьерлерді анықтауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Айта кетсек, жыл басынан бері браконьерлерден 22 аңшы қаруы тәркіленді. Оның 7 заңсыз сақталған, сондай-ақ екі жарым тоннадан астам балық, атып алынған 4 елік пен 1 қабан, сонымен қатар 34 су тышқаны мен әртүрлі 20 құс тәркіленді»,- деп атап өтті Алматы облысы ПД Табиғатты қорғау полициясының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Қожақов. 

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары екі күн ішінде 41 құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде заңсыз аң аулаудың 28, заңсыз балық аулаудың 10 және заңсыз ағаш кесудің 1 дерегі бар. 

- «Кейбір азаматтар аң-құсты аулауда қатігездік танытатын кездері болады. Атап айтқанда, жақында полицейлер түнгі уақытта Іле өзенінің жағасында заңсыз балық аулаумен айналысқан Қарасай ауданының 31 жасар тұрғынын ұстады. Күдіктінің елімізде пайдалануға заңмен тыйым салынған, 10-15 метр қашықтықтағы тірі тіршілік иелерін жаппай қырып-жоятын «электрлі қармақты» қолданғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды подполковник Е. Қожақов.

Асқар Мамин елордадағы спорт және мәдениет инфрақұрылымдарын тексерді
Түркістан облысында оқушылар төбелесіп біреуі қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу