Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының әкімі ретінде жаңа парақша ашқан Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарына үндеу жасады. Ол халықпен қоғамдық диалог орнатуға ниетті екенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме берген Oinet.kz.
"Құрметті жамбылдықтар! Халықпен тиімді кері байланыс орнату – ел басшылығының қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, мен үшін облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болып отыру және соған орай жедел әрекет ете білу маңызды. Сіздермен ашық диалог орнату мақсатында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымды ашуды жөн көрдім",- деді ол.
Бердібек Машбекұлы өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолында тұрғындармен жан-жақты пікір алмаса отырып, сындарлы қоғамдық диалог орната алатынына сенімді.
"Біздің ортақ мақсатымыз – өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу, Жамбыл өңірін өмір сүруге және жұмыс істеуге барынша қолайлы мекенге айналдыру",- деп түйіндеді облыс әкімі.Айта кетерлігі, бұл Жамбыл облысы әкімінің Facebook желісіндегі екінші парақшасы. Бердібек Сапарбаев ШҚО әкімі болған тұста ашқан парақшасын қолданбайды.