Жапония жағалауындағы круиздік кемедегі қазақстандықтар шағым айтты

Oinet.kz 19-02-2020 942

Жапония жағалауында карантинде тұрған Diamond Princess круиздік кемесіндегі төрт қазақстандық еліміздің сыртқы істер министрлігіне шағым айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.  

imgpreview.jpg

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кемедегі қазақстандықтардың жағдайы жақсы және барлық қажеттілікпен қамтылған. Кемедегі қазақстандық қандастар өздері туралы ақпаратты көп айтпауды сұрауда.

"Олардың жағдайлары өте жақсы. Ешқандай да шағым айтқан жоқ. Біздің ақпаратқа сәйкес, ол жерде екі әйел және екі немересі бар, 8-12 жаста. Ертең 19-ақпанда карантин бітеді", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Белгілі болғандай, төртеуі қауіпті вирустың бар-жоғын анықтау үшін сынама тапсырып, нәтижесін күтуде.

Карантин аяқталған соң, жолаушыларды кемеден шығару жұмысы басталады. Бұл жұмыс, круиздегі адамдар саны 3 мыңнан асатындықтан, екі күнге жоспарланған.

Жапония тарапы кемедегі бақылау нәтижесінен соң барлық азаматтарды екінші мәрте тексеріп шықпақ. Егер қазақстандықтардан коронавирус анықталмаса, олар қалаған уақытында елге орала алады.   

Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Диас Ахметшәріптің ақпараты бойынша, кемеде 50 мемлекеттің азаматтары бар.

Алғашында Diamond Princess кемесінде қытайлық вирусты 174 адам жұқтырғаны анықталған еді. Кейіннен коронавируспен ауыратындар қатары 44 -ке артып, жалпы науқастар саны 218-ді құраған.

Еліміздің оңтүстігінде ажырасу деңгейі күрт өсуде
Сапарбаев жамбылдықтарға үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу