«Жын» ба, «жынды» ма?

Oinet.kz 18-02-2020 1843

Ел арасында тараған түрлі қорқынышты әңгімелерге демеу болып жүрген «домовойдың» бар екеніне сенесіз бе? Кеше КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында "Домовоймен дос" тақырыбы көтерілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.  

2132fac5-0360-40c6-ad96-71e05606542c.jpg

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының қонағы болып келген  Алматылық Светлана есімді тұрғын сол домовоймен бірге бір үйде өмір сүріп жатыр. Тіпті, жақын досыма айналып кетті дейді. Қазақтар «үй перісі» деп атайтын құбыжықтың сыртқы келбетін де бейнелеп берді. 

- Есіктен үйге қарай келеді. Лилипут адамдар сияқты, талтаңдап, жылдам жылдам жүреді. Бойы кішкентай ғана, тізеге жетер жетпес, - дейді бағдарлама қонағы Светлана ханым. 

Күндіз-түні, әбден мазасын алып, дегбірін қашырған мақұлық әсіресе түнгі мезгілде құтыратын көрінеді. Үйдегі заттар орнынан ауытқып, ыдыстар құлап, есіктің ашылған дыбысы шығатын көрінеді. 

- Мен ол домовойды түнде сағат 2 мен 3-тің арасында көремін. Түнде ұйықтаған уақытта. Бойы аласа, жарты метрден кішкентай. Атымды айтып шақырады. Жан жағыма қараймын, есіктен үндемей өтіп кетеді де, бір уақытта жаныма келіп «үп» деп дыбысын шығарады, - дейді үрейге берілген тұрғын. 

Бастапқыда жан дәрмені қалмай қорыққан Светлана, бүгінде бұл мақұлықтан шощынуды доғарған. Тіпті, осы үйдің бір мүшесі секілді болып кеткен. Кейде, түнде оған арнап арнайы кәмпит қалдырса, таңертең сол кәмпит орнында болмай шығатын көрінеді. Міне, қызық. Бұл беймәлім құбылыстың «үй перісі» болуы мүмкін бе? Әлде, құлақ естігенімен, көз көрмеген жын-сайтан болды ма екен? Ол да белгісіз!.. 

«Астарлы ақиқат» бағдарламасында мекен-жайы, түр тұрпаты белгісіз құбылысты анықтау үшін әңгіме өрбіп, түрлі болжамдар айтылғанымен, мақұлықтың не немесе кім екендігі жұмбақ болып қалды. 

Ал, сіз, «домовойдың» бар екеніне сенесіз бе?  Әлде, бұл жын-шайтанның адамға көрсетіп жүрген әбігері ме? 

Психологиялық тест: Суреттен бірінші нені байқадыңыз?
«Нурикамал» әнінің авторы бақилық болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу