Простатит қандай ауру?

Oinet.kz 15-04-2018 943

Простатит – қуық асты безінің (простата) қабынуы. Ол ер адамдар арасында жиі кездесетін урологиялық кесел. Дерт 30-дан асқан еркектерде пайда бола бастайды. Соңғы кездері простатиттің "жасаруы” байқалады. 

0810ae94-80fa-4d5b-92ab-ff5f87e28401_1.jpg

30 жастан соң еркектердің 30%-і, 40 жастан соң 40%-і, 50 жастан соң 50%-і және с.с. простатиттен жапа шегеді деп есептеледі. Дегенмен нақты науқастылық тіркелгеннен анағұрлым жоғары. Бұл диагностикалау ерекшеліктерімен және кеселдің жасырын өту мүмкіндігімен түсіндіріледі. Аталық без (простата) ұрық сұйығымен араласып, сперматозоидтардың белсенділігін және олардың әр түрлі жағымсыз жағдайларға тұрақтылығын арттыратын секрет бөліп шығарады.  

Аталық без қабынуында (простатитте) зәр бөліп шығаруға байланысты көптеген пролемалар туындайды және эректильдік функция бұзылады. Ең қауіптісі сауатты ем болмағанда шамамен науқастардың 40 пайызында бедеулік дамуының қауіпі бар. Өйткені аталық без одан әрі сперматозоидтардың жылжымалылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде сапалы секрет бөліп шығара алмайды. Алайда мұндай симптомдардың тек простатитте ғана емес, сондай-ақ аталық без аденомасында және қатерлі ісігінде болатынын есте ұстау маңызды. 

Простатиттің негізгі 4 формасы болады:

- жедел бактериалды простатит;

- созылмалы бактериалды простатит;

- бактериясыз простатит;

- простатодиния.

35 жастан кіші тұлғаларда простатит әдетте жедел бактериалды простатит түрінде өтеді. Егер жұқпа болуының зертханалық нақтылануы болса ғана бактериалды простатит деп атайды. Көбіне бұл инфекциялар – хламидиоз, трихомониаз, гарднереллез немесе соз (гонорея). Жұқпа аталық безге кіші жамбастың қан тамырлары мен лимфа тамырлары бойымен зәр шығару түтігінен, қуықтан, тік ішектен түседі. Бактериясыз простатитте бактерияны бөліп алудың сәті түспейді, дегенмен бұл оның жоқтығын білдірмейді.

Ересектеу жастағы пациенттерде кеселдің созылмалы түрлері жиі диагностикаланады. Проастатодинияда простатиттің клиникалық суреті, қабынусыз простата тінінің тығыздалуы болады. Простатит белгілерінің үш топқа бөлініп қарастырылуы мүмкін:

- зәрлік аппарат тарапынан бұзылыстар (зәрге жиі ауыртпалы шығу, қуықтың толық емес босау сезімі), құрсақтың төменгі бөлігіндегі ауырсыну;

- жыныстық қызмет бұзылыстары (эякуляция кезіндегі зәр шығару түтігінің бойындағы және тік ішектегі ауырсыну, әлсіз эрекция, мезгілінен ерте эякуляция, оргазмды жоғалту және с.с.);

- науқастардың өз жай-күйіне жете үңілуінен туындайтын жоғары мазасыздану және жүйке жұқаруы.

Жедел простатит әдетте 39-40° С дейін қызбамен бірге дене қызуының көтерілуінен басталады. Зәрге шығу қиындайды және ауырады. Зәрге шығу жедел кідірісін шақыратын аталық без ісінуі дамиды.  Созылмалы простатит мейлінше тыныш өтеді, бірақ жағымсыз факторлардан кез-келген сәтте асқынуы мүмкін. Симптомсыз ағым иелену де ықтимал.

Дер кезінде терапия жүргізілмесе, мынадай асқынулардың болуы мүмкін:

- жедел простатиттің созылмалыға ауысуы;

- жедел зәр кідірісімен бірге хирургиялық емді талап ететін қуық обструкциясы;

- еркек бедеулігінің дамуы;

- рецидивті цистит;

- пиелонефрит және бүйректің басқа зақымданулары;

- хирургиялық араласуды қажет ететін аталық без абсцессі (іріңдігі). 

Өмірге қауіпті сепсис көбіне иммунитеті төмен тұлғаларда дамиды (қант диабеті, бүйрек тапшылығы бар пациенттер).

Мадияр Елікбайұлы,

Оңтүстік Қазақстан облыстық тері-венерология диспансерінің дермото-венерологы

Урологиялық аурулардың көбі – онкология
Тоқаев: «Ауғанстанмен көрші болмасақ та қарым-қатынасымыз жақсы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу