Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Көкшетау қаласындағы орталық көшелердің бірінде "Жаным, бізде бәрі жақсы болады" деген баннер пайда болды. Тұрғындар бұған дейін мұндай романтикалық билбордты облыс орталығынан көрмегендерін айтады деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, баннердегі бойжеткен - 27 жастағы Балауса есімді ару.
Ол Бурабайда демалып келгеннен кейін өзінің суреті бейнеленген баннерді көріп, қатты таңғалған.
Ал оның жігітінің есімі - Қанат. 31 жастағы ер адам әрқашан өлең оқып, гитарада ойнап қызының көңілін көтереді екен. Ол сүйіктісін таңғалдырудан жалықпайтын көрінеді.
Жастар 6 ай бұрын танысыпты. Қазіргі уақытта олар отбасалы болуды жоспарлап жүр.
Екеуі үшін де бұл екінші неке болмақ. Балаусаның егіз ұлдары бар. Ал жігіті бір баланың әкесі.
Балаусаның сөзінше, Қанаттың ең көп айтатын сөздерінің бірі "бізде бәрі жақсы болады".
Көкшетау қаласы Әуелбеков көшесінде орналасқан романтикалық баннер осыны еске салады екен.