Ақтауда қызыл түске боялған теңіз жағалауы, жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырды

Oinet.kz 10-02-2020 2607

Ақтауда Приморск ауылындағы теңіз суы қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Ақтау.jpg

"Лада" басылымының мәліметінше, осыған ұқсас жағдай Caspian Riviera қонақүйінің лагунасынан байқалыпты.

Ол кезде су қызыл түске диатомдық балдырлардың әсерінен боялғаны хабарланған. Олар балық үшін зиянсыз әрі қауіпсіз.

2018 жылы 1 шағын ауданның жағалауында, "Шағала" қонақ үйінен "Нұр плаза" жағажайына дейінгі теңіз суы да қызыл түске боялған.

Экологтардың хабарлауынша, аталған жағдайдан қоршаған орта ластанбайды. Жағалауда қызыл түске ие көптеген шылау мен балдырлар бар. Солардың әсерінен теңіздегі су да қызыл түсті болған. Бұл табиғи процесс екен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін теңіз түбінде тіршілік ететін құбыжықтар жайлы жазған едік.

Олардың суретімен Instagram парақшасына жарты миллионнан астам оқырманы бар Роман Федоров есімді балықшы бөліскен.

Әдетті көп адам біле бермейтін теңіз құжыбықтарының арасында кукумария, зубатка, тереңдегі қармақшы, теңіз кірпісі, жұмбақ псолус, теңіз анемондары және теңіз жұлдыздары сынды тіршілік иелері бар.

Қордайда ұсталғандардың жазасы қандай болады?
Коронавирусты жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу