«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»: Абайдың сөзі ме, Тоқаевтың сөзі ме?
Кешеден бері әлеуметік желілерде көшеге ілінген баннердің фотосы қызу талқылануда. Аталған баннерде қазақ халқының ұлы ақын Абай Құнанбайұлының "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек" деген сөзі келтірілген. Дегемен, осы сөздердің авторы ретінде Қазақстан Республикасының Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетіліпті деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушылары баннер қай қалада қойылғанын білмей дал болуда. Және бұл фото жалған ба, әлде шын ба, бұл да әзірге белгісіз.
Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтіп жатыр. Себебі, 2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Бұдан бөлек, мерейтойдың жалпыреспубликалық жоспары бекітілді.