Жаңа туған сәбиден коронавирус табылды

Oinet.kz 06-02-2020 2635

Сәрсенбі күні Қытайдың Ухань қаласында жаңа туған сәбидің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат расталды, – деп хабарлады Oinet.kz сайты Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

koronavirws-2-750x375.jpg

Дереккөздің айтуынша, сәби дүниеге келген соң 30 сағаттан соң жаңа коронавирус инфекциясына тексерілді. Осы уақытта анасының талдауы коронавирусқа оң нәтиже берді. Нәресте Уханьдағы мамандандырылған балалар ауруханасында бақылауда, оның жағдайы тұрақты.

Қытайлық дәрігерлер «инфекцияның анадан балаға тікелей берілу» ықтималдығын қарастыруда, зерттеп жатыр.

Біз бұған дейін коронавирустан қайтыс болғандар саны 562-ге адамға жеткенін жазған болатынбыз.

Абайдан бастау алған идея
«Ұйықтап қалған» Ордабасыны Өсербаев оятты»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу