Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деп күдіктелуде

Oinet.kz 04-02-2020 981

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, генерал-майорға қатысты тергеу жүргізуде. Ол жүйелі түрде қылмыстық заңды бұзу бойынша күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Картинки по запросу "взятка""

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, тергеу кадрлар және әскери білімге жауапты ведомство басшысына қатысты жүргізілуде.

Генерал-майорға кадрларды іріктеу, алдын алу-профилактикалық сипаттағы қызметті жүргізу және қоластындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық қаупін жою міндеттері жүктелген.

Тергеу нұсқасы бойынша, жоғары лауазымды офицер жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарға барған, атап айтқанда, ірі көлемде пара алып отырған.

Болжам бойынша, ол мансабын өсіру және қамқорлық көрсету үшін қоластындағы қызметкерлерінен пара алған. Ведомствода офицердің өз кінәсін мойындағанын, ал оның қорғаушысы процессуалдық келісім жасасу туралы өтініш бергенін атап өтті.

31 қаңтарда генерал-майор үй қамаққа алынды. Оған қатысты қорытынды шешімді енді сот шығарады.

Түркістанда судья парамен ұсталды
Атырауда некесін жаңа қиғандар 4 күннен кейін ажырасуға келген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу