Бүгін қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні

Oinet.kz 04-02-2020 814

Қазақстандағы әрбір жүзінші адам обыр дертімен күресіп келеді. Елдегі 180 мың адам түрлі ісік ауруларына шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24»-ке сілтеме берген Oinet.kz

қатерлі ісік.jpg

Дәрігерлер жыл сайын кесел белгілері бар 35 мың адамды тіркейді екен. 

Өкінішке қарай, ауруды жеңіп, құлан-таза айығып кететіндердің қарасы аз. Жыл сайын шамамен 15 мың адам жаман аурудың құрбаны болады. Ал мемлекеттен тегін ем-дом мен скрининг жүргізу үшін 40 млрд теңге бөлінеді. 

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1800-ге тарта шығысқазақстандық, 1600-ден аса алматылық тұрғын ісік ауруына шалдыққан. Дерт дендеген өлкелердің бірі – Қарағанды облысы. Мұндағы халықтың 1200-ден астамы обырдан емделіп жатыр.

Қытайда коронавирустан 425 адам қайтыс болды
Қытай билігі АҚШ-қа айып тақты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу