Қазақстандық 18 жастағы хоккейші қайтыс болды
Елордалық "Снежные барсы" хоккей клубының ойыншысы Вилен Прокофьев көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына Oinet.kz.
Бұл туралы "Барыс" хоккей клубы Facebook желісіндегі ресми парақшасында жария етті.
"Біз Виленнің жақындарына, достарына және оны таныған адамдарға көңіл айтамыз. Оны қолдағандарға алғыс білдіреміз", - деп жазды спорт ұжымының өкілдері.
Осыған дейін 18 жастағы қақпашы Вилен Прокофьевте қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталған.
Еске сала кетсек, өткен аптада баскетбол спортының жұлдызы Коби Брайант тікұшақ апатында қызы Джанна Мариямен бірге қаза тапты.
Кейінерек БАҚ беттерінде тікұшақ апатынан тоғыз адамның көз жұмғаны жайлы ақпарат пайда болды.
Коби Брайанттың артында Ванесса есімді жары мен Наталья, Бьянка және Капри атты үш қызы қалды.
Футболшы Неймар "ПСЖ" командасының "Лилль" клубына қарсы ойында 52 минутта қарсылас қақпасына дәл тиген голын марқұм Брайантқа арнаған. Ол баскетболшының реттік нөмірін көрсеткен. Бразиялиялық аяқдопшы аңызға айналған спортшының қазасы жөнінде матч үзілісі кезінде естісе керек.
Сондай-ақ, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин де марқұмның отбасына көңіл айтты.