Қазақстан Қытаймен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

Oinet.kz 03-02-2020 985

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Билік отандастарымызды коронавирустан қорғау үшін осындай шешімге келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

ұшақ.jpg

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын үкімет жанындағы Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, жиын барысында қауіпті дерт таралып жатқан ҚХР-мен әуе байланысы мәселесі көтерілді. Соның нәтижесінде екі ел арасындағы ұшақ қатынасына уақытша тоқтатылды.

Бұл хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған уақытта, Азаматтық авиация комитеті отандастарға жақын аралықтағы рейстердің билеттерін тапсыруды сұрады.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Уханьнан келген студенттердің екі аптаға оқшауланатынын айтқан.

Қазіргі уақытта Қытай тарапымен 61 адамды эвакуациялау туралы келісім жасалған. Олардың бәрі Ухань қаласында оқитын қазақстандық студенттер.

Сондай-ақ, вице-премьер Бердібек Сапарбаев Қытайдан эвакуацияланған Қазақстан азаматы өздерімен вирус әкелмеуі және оны отандастарына жұқтырмауы үшін үкімет қандай шаралар қолданатынын айтып берген.

Вице-премьер қазақстандықтарды сабырға шақырып, көрші елден келгендердің карантинде болатынын айтты. Оларға келген соң екі апта сол жерде болатын жеке медициналық мекеме дайындалған.

Сапарбаевтың айтуынша, студенттерді ақ халаттылар бақылауға алады. Егер екі апта ішінде ешқандай ауру белгілері байқалмаса, онда олар тиісті анализ тапсырған соң шығарылады.

Егер ауру белгілері анықталса, онда емдеу мекемесінде сауыққанша қалады.

Жамбыл облысында дүниеге келген үшемге елде өте ерекше есімдер берілді
Қытайда 5,1 балдық жер сілкінісі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу