Білікті маман – болашақ кепілі
Денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу медцина қызметкерлерін сапалы дайындау және халықтың мұқтаждықтарына сәйкес барабар бөлу мақсатымен адами ресурстарды басқару жөніндегі бірыңғай саясаттар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бүгінгі уақытта аса маңызды. Бұл мақсатта Шымкент жоғары медицина колледжінің ұжымы орта бұынды медициналық қызметкерлер мен мамандарды дайындаудың толық кезеңі қағидасымен ғылыми ұйымдардың, стационарлық және амбулаторлық ұйымдарды біріктіру негізінде интеграцияланған медициналық орталықтарда (емханаларда, дәріханаларда) тәжірибелік сабақтар өткізуде.
Колледж профессорлық-оқытушы құрамы сапалы медициналық және фармацевтикалық білім беру және ғылыми ізденістер үдерістеріне уәждемелі түрде практиканың үздік мамандары тартылып, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар практикалық жұмыс жасау және клиникалық зерттеулер жүргізуде.
Қоғамыздағы барлық азаматтардың адам баласының қол жеткізген жетістіктерін пайдалануға құқы бар. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті, бұл объективті жағдай біздің еліміздегі эстетикалық тәрбиенің әлеуметтік факторы болып табылады. Студенттердің оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды үйірме жұмысына баулып, өз маманының іскері, әрі шебері етіп, оқығандарын қолдана білуді үйретумен қатар заман талабына сай етіп даярлау – колледждегі басты міндеттердің бірі.
Осы мақсатта колледжде 34 үйірме мен 8 секция, соның ішінде фармацевт мамандығы бойынша «Қызыл май» және «Фармацевт» пәндік үйірмелі жұмыс жасайды. Аталған фармацевт мамандығы бойынша үйірмелерде студенттер дәрі-дәрмектерді оңтайлы қолдану, өсімдік майлары, дәрілік өсімдік шикізаттарын жинаудың әдістері және тағы басқа мәселелер бойынша оқу-зерттеу жұмыстар атқарылуда. Оқу жылының соңында әр студент жыл бойы зерттеулердің нәтижелері мен қорытындылары шығарылып, оқу-зерттеу жұмыстарын қорғайды.
Ғылым-білімнен бастау алатын жоғары технологиялар бәсекелестікке жетелейді. Біліктілік бәсекесі – даму баспалдағы, уақыт талабы. Бұл бағытта колледждің оқытушылар құрамы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, басекеге қабілетті мамандар даярлауды міндеті санайды.
К.КАНХОДЖАЕВА,
Шымкент жоғары медицина колледжінің дәрілік нысандар технологиясы пәнінің оқытушысы