Ғалымдар коронавирусты тоқтататын дәрілік затты атады

Oinet.kz 01-02-2020 1659

Қытайлық ғалымдар жаңа вирустың таралуына тосқауыл бола алатын дәрі ойлап тапты. Оның құрамына үш түрлі зат кіреді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты NUR.KZ. порталына сілтеме жасап.

24ca1f683614dec4858a6093cc10fa3c.jpg

Жаңа дәрілік заттың аты - Shuanghuanglian Koufuye. Оның құрамына үш зат кірген деп жазады РИА Новости.

Дәрілік препараттың құрамындағы заттар ағзадан токсиндерді шығарып, дене қызуын төмендетіп, организмді толықтай тазалайды.

Бұған дейін, он жеті жыл бұрын аталмыш дәрілік заттың атипиялық пневмонияға қарсы тұратынын анықтаған.

Дәрілік затты көпжылғы зерттеу мен тексеру оның вирусқа қарсы әсері бар екенін көрсеткен. Қазіргі уақытта препаратқа тест жүргізілуде. Қытай билігі бұған дейін де вирусты тоқтатуы мүмкін тағы бір дәрілік заттың атын атаған. Препарат Huoxiangzhengqi Кoufuye деп аталады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдағы қауіпті вирустан соңғы мәліметтерге сәйкес, 258 адамның көз жұмғаны айтылды. Сондай-ақ індет жұқтырғандар саны он бір мыңнан асып кеткен.

Айта кетсек, бұған дейін өлім вирусы Швециядан да анықталды.

Науқас әйел вирус өршіген Қытайдың Ухан қаласында сапармен болған. Ол үйіне 24 қаңтар күні оралған. Жөтел мазалаған. Швеция мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, оның сырқаты ауыр емес.

АҚШ Қытайды өлтіруші вируске байланысты «қызыл тізімге» енгізді
Тоқаев Ақордада Ресейдің жаңа премьер-министрімен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу