Қарағанды облысында 11 сотталушы жаппай «ВИЧ» жұқтырған
Қарағанды облысында орналасқан қауіпсіздік деңгейі төмен колонияда АИВ-ны (адамның иммундық жетіспеушілік вирусы) жаппай жұқтыру фактісі тіркелді. Бұл жайттың анық-қанығын полиция қызметкерлері анықтауда, деп хабарлайды Oinet.kz сайты NUR.KZ. сілтеме жасап.
Аталмыш түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға колониядан тыс жерде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Оларды құқық қорғау қызметкерлері мұқият қарап отырса да, ер адамдар қандай да бір жолмен инфекцины жұқтырған.
Қарағандыдағы СПИД орталығы АИВ инфекциясы есірткіні қолдану нәтижесінде пайда болды деп болжап отыр.
Себебі, сотталушылар өздеріне егу арқылы шприцте бұрыннан бар инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Колонияда тергеу жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижелері полицияға берілді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары мәселені анықтауда. Олардың паймынша, сотталушылардың жаппай инфекция жұқтыруы қасқана болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта инфекция жұқтырғандардың барлығы СПИД орталығында көмек алуда.
Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда 25 жастағы ару өзін белгісіз біреулердің ұрлап әкетіп, жезөкшелік жолға салмақ болғанын айтып, шағымданған еді.
Кейін зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым деп арызданған бойжеткен қатысты қалалық полиция жаңа дерек айтты.