Түркістан облысында 18 жастағы ана дүниеге үшем алып келді

Oinet.kz 31-01-2020 4249

Түркістан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. 18 жастағы студент Жанар Анарбаева ана атанып, үш бірдей сәби босанды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

үшем.jpg

Жанар өткен жылы тұрмыс құрған. Дүниеге келген үшемнің екеуі қыз бала болса, біреуі ұл.

Оларға Медина, Адина, Үсен деген есімдер қойылды. Нәрестелер ай күнінен ерте туыпты. Шымкенттегі №1 перинаталды орталықта жарық дүниеге келген үшемнің қазір жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.

Тұңғышы үшем болып, аналық бақытқа бөленген Жанар Анарбаеваның ақ халаттыларға айтар алғысы шексіз. Жас келіншек пен нәрестелерді ауылда әжелері мен бар туысы қуана күтіп отыр.

Жалпы, өткен жылы Түркістан облысында бес үшем дүниеге келіп, 55 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан.

Айта кетейік, Қызылорда қаласының тумасы, белгілі ақын Асылзат Арыстанбек ми қабатындағы қатерлі ісікті жеңіп шыққан жандардың бірі. Ол қайсарлығы мен өмірге деген құлшынысының арқасында бүгінде бойындағы аурудан құлан-таза айыққан.

Асылзат Арыстанбек обыр ауруына шалдыққанын 2008 жылы білген. Осыдан кейін оның өмір мен шығармашылыққа жақын жаны құлази бастаған. Уақыт өте ол бар күшін жиып, ауыр дертпен күресу жөн деп шешкен.

ДДСҰ коронавирустың жаппай таралуын халықаралық ахуал деп атады
Қытайда бір тәулікте 2 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу