Министр: Қазақстанда бірде-бір коронавирус жұқтырған адам жоқ

Oinet.kz 30-01-2020 1147

Қытайдан келген қазақстандық азаматтардың ешқайсысынан вирус табылмаған. Коронавирус диагнозы қойылды деген ақпарат – фейк. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баспасөз брифингінде мәлім етті. 

коронавирус.jpeg

Кейбір өңірлерде коронавирус ауруын жұқтырған науқастар тіркелінді деген фейк ақпараттар шықты. Ол дұрыс емес, рас емес. Елімізде бірде-бір коронавирус жұқтырған адамдар жоқ. Бірақ, жоғары температурамен және жалпы вирустық инфекциямен бақылауда азаматтар жатыр. Мысалы, Батыс Қазақстандағы 2 студент бойынша – мұндай ақпарат жалған, оларда вирус анықталмаған, яғни тіркелген жоқ. Коронавирус диагнозы қойылды деген ақпарат – фейк, - деп хабарлады Елжан Біртанов елордалық БАҚ өкілдеріне. 

Министр Семей, Алматы қаласында да адамдар вирус жұқтырған деген ақпараттың жалған екенін айтты. Оның айтуынша, оперативті орталық тәулік бойы ауруханалар мен медициналық қызметкерлермен байланыста. Бас ведомство ахуалды бақылауда ұстап отыр.

Бұдан басқа, министр ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Адан Гебреисуспен коронавирустық инфекция жайында тікелей сөйлескенін жеткізді. 

Тағы бір маңызды хабар. Кеше мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасарымен тікелей сөйлестім. ДДСҰ-ның басшысы Тедрос Адан Гебреисус мырза кеше Бейжіңнен Женеваға қайтып келіп, бүгін елорда уақытымен сағат 18:30-да Дүниежүзілік денсаулық ұйымының ресми ақпаратын жолдайды. Тиісті комитет бізге арнайы мәліметін береді, - деді Біртанов. 

Ол мемлекет тарапынан бүкіл қажетті шаралар жасалынып жатқанын тілге тиек етті.

Комиисия бар, барлығы мемлекеттің қатаң бақылауында. Денсаулық сақтау жүйесі күшейтілген санитарлық жүйе бойынша жұмыс істеп жатыр. Алайда, өкінішке орай, әлеуметтік желілерде осындай фейк ақпараттар көп шығып жатыр. Халық бір-біріне соны таратып жатыр, - деп ел азаматтарынан фейк ақпараттарға сенбеуін сұрады. 

Менің халықтан және тілшілерден сұрайтыным – осындай жалған ақпаратқа сенбеңіздер,таратпаңыздар! Ақпаратты тікелей денсаулық сақтау министрлігінен және Facebook әлеуметтік желіcіндегі ресми парақшадан алуға болады. Арнайы call-орталық арқылы да тәулік бойы ақпарат алуға мүмкіндік бар, - деді еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов.

Ресей коронавирусқа байланысты Қиыр Шығыстағы шекарасын жапты
Әлеуметтік көмек бойынша заңға өзгеріс енгізілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу