Қытайда өтетін әлем чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды

Oinet.kz 30-01-2020 909

2020 жылы наурызда Қытайда жоспарланған жеңіл атлетикадан жабық ғимаратта өтетін әлем чемпионаты коронавирустың кесірінен 2021 жылға ауыстырылды, деп жазады inform.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

атлетика.jpg

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, әлем чемпионаты үстіміздегі жылдың 13-15 наурыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында өтуі керек болатын. Алайда Халықаралық федерацияның баспасөз қызметі аталған біріншілікті (2020 жылдың 13-15 наурызы) 2021 жылдың наурызына ауыстыру туралы шешім қабылдағанын жариялады.

«Қытай коронавируспен күресте аянып қалмайды. Ал біз сол үшін оларға бар жағдайды жасауымыз қажет. Біз спортшылар мен федералды биліктерге және серіктестерге бұл аймақтағы спорттық жарысқа қатысты мәселенің қалай шешіліп жатқанын нақты жеткізуіміз керек. Бұл әлем чемпионатын өткізбеу туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Өйткені көптеген спортшылар бұл турнирді асыға күтіп жүр. Сол себепті жарысты 2021 жылға ауыстырдық», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызметкерлер «дипломмен ауылға» баруы мүмкін
Сапарбаев Қытайдан эвакуацияланған қазақтарды қалай тексеретіндерін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу