Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілердің ең көбі Түркістан облысы мен Шымкентте

Oinet.kz 30-01-2020 871

124222.jpg

2020 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындауға өтініш 80,5 мың отбасынан қабылданды, оның құрамына 412,9 мың адам кіреді, оның ішінде 265,6 мыңы бала. Көпбалалы отбасылардың үлесі 40,5 % немесе 32,6 мың отбасын құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

Өңірлер бөлінісінде өтініштердің ең көп саны Түркістан облысында – 14,2 мың отбасы немесе 17,6%, Шымкент қаласында – 11,1 мың отбасы немесе 13,8%, Алматы облысында – 9,6 мың отбасы немесе 11,9%, Жамбыл облысында – 6,9 мың отбасы немесе 8,7%, Қызылорда облысында – 5,9 мың отбасы немесе 7,4% қабылданды.

Өңірлерде 2,6 мыңнан астам учаскелік комиссия жұмыс істейді. Олар жүргізген зерттеу нәтижелерін ескере отырып, АӘК 21,2 мың отбасыға немесе 103,8 мың адамға тағайындалды, оның ішінде 38,4% - ын көпбалалы отбасылар құрайды. АӘК тағайындауға өтініш берген отбасылардың материалдық жағдайын тексеру жұмыстары жалғасуда.

Өңірлер бөлінісінде ең көп тағайындау саны Алматы облысына – 3070 отбасы немесе 14,5%, Шымкент қаласына – 2920 отбасы немесе 13,8%, Жамбыл облысына – 2271 отбасы немесе 10,7%, ШҚО – 2024 отбасы немесе 9,5%-дан келеді.


Аудандық білім бөлімінің басшысын облыстық білім басқармасы тағайындайды
Көпбалалы емес отбасылар да атаулы әлеуметтік көмек алатын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу