Иран әуе кеңестігінен қайта ұшады

Oinet.kz 30-01-2020 933

Еуропаның авиация қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі Иран әуе кеңістігін пайдаланбау жөніндегі тыйымды алып тастады.

Ұшақтар Иран әуе кеңістігі арқылы қайта ұшатын болды

Бұл туралы аталған мекеменің сайтында хабарланды.

Агенттік таратқан мәліметте, 28 қаңтар күні авиация қауіпсіздігін бағалау туралы ЕО жұмыс тобының жиыны өткені хабарланған. Жиналыстың қорытындысы бойынша, тараптар Иран мен Ирак әуе кеңістігінен ұшуды тоқтату ұсынысы алынып тасталған.

Еске салсақ, 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ Иранда апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қаза тапқан еді. Кейін Иран Украина ұшағын байқаусызда атып құлатқанын мойындаған еді.

Тоқаевтан Жаңаөзен оқиғасын қайта қарауды талап етті
ШҚО тұрғыны 35 жыл бойы куәліксіз жүрген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу