Қазақстан ҚХР арасындағы жолаушылар тасымалын уақытша тоқтатты

Oinet.kz 29-01-2020 1150

Қазақстан Қытаймен жолаушылар тасымалын тоқтатуға, сондай-ақ Қытай азаматтарына виза беруді шектеуге ниетті, деп хабарлайды NUR.KZ порталына Oinet.kz сайты сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

ҚР үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады:

2020 жылғы 29 қаңтардан бастап ҚР мен ҚХР арасында жолаушылар автобусының тасымалы уақытша тоқтатылды;

2020 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасында жүретін жолаушылар пойыздарының бағдары уақытша тоқтатылады;

2020 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР мен ҚХР арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылады; 

ҚХР азаматтарына визалар беру тоқтатылды;

2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Халықаралық теннис федерациясының Федерация кубогының іріктеу матчтарын ҚХР-дың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыруы туралы ұсынысы қабылданбады, сондай-ақ 2020 жылғы 12-16 ақпан аралығында су добынан Азия іріктеу чемпионаты өткізілмейтін болды.

Ведомствоаралық комиссия жағдайды тәуліктік режимде қадағалауда. Биылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясымен сырқаттану оқиғасы тіркелмеген. Аталған мәселе ел басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Естеріңізге сала кетейік, депутат Бақытбек Смағұлдың Қытаймен арадағы шекара бекеттері жабылғанын айтқанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, бұған дейін Қытайдың Хайнань аралына кеткен қазақстандық туристер мінген ұшақ Алматы әуежайына қонғаны хабарланды. Бортта тек Қазақстан ғана емес, Ресей мен Қырғызстан азаматтары да болған.

Жастар резервінен басшы тағайындау науқаны Түркістанда жалғасын тапты
Қазақстан Теннис турнирін өткізуден бас тартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу