Жамбыл облысында алтын өндірілетін болады
Өңір басшысы инвесторлармен кездесті.
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қордай аймағында алтын өндіретін кәсіпорынды салуға ниетті Aurum Deutschland компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Today.kz. порталына Oinet.kz сайты сілтеме жасап.
Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, компания Қазақстан нарығына жаңадан келіп отырған жоқ. Неміс инвесторлары жобаға 329 миллион еуро инвестиция салуды жоспарлап отыр, іске асыру мерзімі - тоғыз жыл.
Биыл тау-кен байыту фабрикасының жобасын аяқтап, келесі жылдан бастап, жылына бес тоннаға дейін алтын шығаратын зауыт салуға кірісу қажет.
Бұл үшін жергілікті билік 300 гектар жер бөліп жатыр, құрылыс жұмыстарына 350 адам тартылады. Кәсіпорын өндіріске енгеннен кейін 800 тұрақты жұмыс орны құрылады.