Қазақстанда 200 теңгелік монета пайда болды
Номиналы екі жүз теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және олардың тозған сәтінде айналымнан алынатын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 28 қаңтарда номиналдық құны 200 (екі жүз) теңге болатын биколорлық циркуляциялық монеталарды айналымға шығарады.
Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орындалған. Биколорлы айналмалы монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениетінің көркемдік элементтерінің симбиозы байқалады.
Ұлттық банктың хабарлауынша, номиналы 200 (екі жүз) теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қала береді, ал тозығы жеткен кезде айналымнан шығарылады.