Мемлекет басшысы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды

Oinet.kz 26-01-2020 879

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы күндері Қытайда өршіген коронавирустың елімізде таралуының алдын алу шараларын атқаруды жүктеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Тоқаев.jpg

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды", - деді Тоқаев.

Еске салсақ, өлімге әкелетін коронавирус Қытайдың барлық провинцияларына таралған. Елдегі науқастардың саны 1300-ге жетті, 40-тан астам адам жапа шекті.

Бұған дейін өлім вирусының "отаны" болған аспан асты елінің қаласында коронавирусты жұқтырған барлық науқастар орналастырылатын емхана салу жоспарланып отырғаны айтылды. Медициналық мекеменің құрылысын 6 күнде аяқтау жоспарланған.

Одан бөлек, Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың жаңа түріне қатысты ақпарат пен оның электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.

Айта кету керек, Қазақстанда қауіпті инфекция оқиғалары болған жоқ.

Асыл Қайсенова өмірден өтті
Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 31 адамға жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу