Жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеді

Oinet.kz 24-01-2020 1114

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеп үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Оның ішінде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсімдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткізгендер.

Көпбалалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келіп тиісті жәрдемақыны рәсімдей алады. Осыған дейін жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы түрін алушылар тізімінде бар-жоғын 1411 call-орталығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады, – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

25 мың көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақы түрін рәсімдеді

Жалпы алғанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған, оның 246 мыңы бұған дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алғандар.

Аймақтық бөліністе жыл басынан бері жәрдемақының рәсімделуіне Түркістан облысынан көп өтініш қабылданған. Одан кейін Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

Естеріңізге салайық, 2020 жылдан бастап отбасында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелет жасына толғаннан кейін білім беру ұйымдарын тәмамдағанға дейін (23 жасқа дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасына ай сайын тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы көлемі: 4 баласы барларға – 42 496 тг, 5 балаға – 53 127 тг, 6 балаға – 63 757 тг, 7 және одан көп балаға – 74 388 тг.

Ақтауда оқушы мұғалімінің бетіне түкіргенін айтып шағымданды (видео)
Ақтүтек боран, қатты дауыл: Еліміздің бірнеше өңірінде сабақтар тоқтатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу