Ақтауда оқушы мұғалімінің бетіне түкіргенін айтып шағымданды (видео)

Oinet.kz 24-01-2020 4407

Ақтау қаласының тұрғыны №1 жалпы орта мектебінің оқытушысының іс-әрекетіне шағымданды. Оның айтуынша, мұғалім мен оның қызының арасында жанжал болған. Алдымен оқушының анасы Диана Шонбаева қызының мұғалімі оған хабарласып қызымен төтенше жағдай болғанын айтады. 

image.png

Келіншек білім беру мекемесіне келген кезде қызының мұғалімдер арасында жылап отырғанын көріпті. Ананың сөзінше, олар қызды сабырға шақырмақ болған, алайда қолдарынан ештеңе келмеген. Балақай тек анасын көргенде ғана жылауын қойыпты.

Кейінірек жетекші Дианаға мән-жайды түсіндірген. Анықталғандай, оның қызы Милана парта үстінде сурет салып отырыпты. Оны көрген педагог ескерту жасап, орнынан тұруын сұрапты. Алайда бала мұғалімнің сөзіне құлақ аспаған.

Сол кезде, ананың сөзінше, мұғалім қызды иығы мен қолынан ұстап алыпты. Содан кейін сыныпқа тағы бір педагог кірген. Олар қызды кабинеттен шығарып әкеткен, сол үшін оқушы жылап қалыпты.

Диана мектептегі бейнебақылау камераларын ашқан кезде ғана оқиғаны егжей-тегжейлі түсінген. Әйелдің сөзінше, мұғалім қыздың бетіне түкіріпті.

Сондай-ақ, келіншек оқиғадан кейін қыздың мектепке барудан бас тартып отырғанын атап өтті. Бұдан бөлек, Диана оқиға болған сәтте психолог маманның мектеп ауағында болмағанын, оның жұмысқа кешігіп қалғанын анықтаған.

Диананың сөзінше, мұғалімдер баланың бетіне түкірмегенін айтыпты. Тек оқушы қыз терлеп кеткен екен.

№1 мектептің директоры Бекес Іспекеев педагогтердің баланы сабырға келтіру үшін бетіне су шашқанын, алайда бұл тәсілдің оған көмектеспегенін айтты. Маманның сөзінше, балаға 15 мұғалім көмектеспек болыпты. Мекеме басшысы қыздың күйзеліс жағдайында болғандай көрінгенін атап өтті.

Мектеп меңгерушісі Жанна Иманалиеваның хабарлауынша, қыз мұғалімнің қыспағынсыз сыртқа өзі шыққан. Сондай-ақ, маман оқушының анасы бәрін дұрыс түсінбегенін атап өтті.

Ювеналды полиция инспекторы Нина Мальцева да оқиғаға түсініктеме берді. Айтуынша, қыз оның үстіндегі полиция формасын көргенде қатты ашуланғаны туралы хабарлады. Содан кейін анасын түрмеге жаппауды сұрады. Маманның айтуынша, бала психологиялық жарақат алған болуы мүмкін.

Полиция ювеналды полиция инспекторы бұл отбасын тексеріп, олардың үйіне барып, баланың өмір сүру жағдайын зерттейтінін айтты.

Видеоға сілтеме.

Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысын қолдады
Жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу