Өзбекстан Еуразиялық одаққа кірмейді

Oinet.kz 21-01-2020 863

900504.a883aa582eeb81ece1012926a42399f1.jpg

 

Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзияев елдің Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне қатысты пікірін айтты.

Өзбекстандық ақпарат құралдарының таратқан мәліметіне қарағанда, президент:

-Біздің көптеген отандастарымыз шетелде жұмыс істейді. Қазақстан мен Ресейде. Сондықтан біз интеграция мәселесіне бейжай қарай алмаймыз. Бірақ бір нәрсені біліп жүріңдер, Тәуелсіздікті ешкім ешқашан біреуге беріп қоймайды. Тәуелсіздік халық сенген президенттің қолында. Біз бұл одаққа мүше болмаймыз,-деген Мирзияев қандай шешім қабылдаса да ұлттық мүдденің ескерілетінін мәлім етті.

Ал Өзбекстан Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Садық Сафаев Өзбекстанның үш жылдан бергі аралықта Еуразиялық одаққа кіру мәселесін зерттеп келе жатқанын айтты.


Шымкентте ерікті жастарға арналған семинар тренинг өтті
Қатерлі ісіктің емі табылды: қуан, адамзат!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу