Мейрамбек Беспаев «әншілерге қоқан-лоқы көрсетіп жатыр» деп Зағипа Балиеваға шүйлікті

Oinet.kz 18-01-2020 1058

Күні кеше отандық өнер өкілдерінің қолдауымен Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланған Мейрамбек Бесбаев бұрынғы басшылықтың қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын және оның артында Зағипа Балиева мен оның ұлы тұрғанын айтты. Бұл туралы әншінің өзі желідегі ресми парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Screenshot_2.jpg

Әнші бұл жайында өз Instagram парақшасында жазды.

"Құрметті Зағипа Яхияқызы! Мен 2020 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы боп сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғы басқару органы - құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты.

Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметіне кірісуім туралы бұйрық та шығып қойды.

Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқан-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында Сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз.

Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз!

Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқын боп жатырсыз?! Біз соны түсінбей отырмыз. Бұл әрекет-қылығыңыз сіздей үлкен мемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа. Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздің балаңыз иелік ету керек деген ой сізге қайдан келген?!

Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес, мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!",- деді ол.

Айта кетейік, кеше Қазақстанның бірнеше халық әртісі мен танымал әншілер қанша жыдан бергі қаламақыларын даулап, Алматыда жиналыс жасады. Өнер адамдары 10 жыл бұрын құрылған зияткерлік меншік құқығын қорғайтын бірлестікті айыптап, басшысын алып тастауға тас-түйін дайындықпен келген. Алайда бірлестік басшысы жиынға келмеді. Ал ашулы әншілер өздеріне жаңа басшы сайлап алды.

Экс-басшы Әнуар Маймақов үйқамақта отыр
Диагноз қоя алмаған дәрігерлер жазаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу