Түркістан Медицина Колледжі: Кәсіби маман - басты мақсат

Oinet.kz 25-01-2018 1139

ХХІ ғасырда ақпараттық технологиялардың дамуы өрісін кеңге жаюда. Технологиялардың кеңеюі фармация саласына өзінің септігін тигізуде және үлкен жеңістерге жетелеуде. Қазіргі таңда дәріханалардың көптеген түрлері ашылуда. Атап айтар болсақ: «робот», «автомат» немесе «терминал» және «супермаркет» секілді дәріханалар. Дәріханалық  ұйымдардың күнделікті жұмысында ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану, тұрғындарға көрсетілетін дәрі-дәрмектік көмектің сапасын жоғарылататын және олардың уақытын үнемдейтін бірден бір фактор болып табылады. 

Screenshot_17.jpg

Кәсіптік білім беру мекемелері білімді де білікті, сапалы кәсіби мамандар даярлау үшін материалдық – техникалық базасы мықты, жаңа мемлекеттік стандарттарға  және қоғамның бүгінгі талаптарына сай болуы тиіс. 

Осы міндеттерге қол жеткізу үшін 50 – жылдан астам тарихы бар Түркістан Медицина Колледжі – республикамыздағы медициналық білім беру саласында, медицина мамандарын дайындаумен айналысып келе жатқан іргелі оқу орны.

Колледжіміздің директоры м.ғ.к. Бимурзаев Ғалымжан Нұрманұлының көп жылғы зор еңбегінің нәтижесінде Түркістан Медицина Колледжі бүгінгі таңда заман талаптарына сай жаңа технологиялық – материалдық техникалық базамен қамтамасыз етілген. Колледжіміздегі барлық мамандықтар арнайы пәндік бөлмелермен жабдықталған. Атап айтқанда: 2 лингафон бөлмесі, әлемдік стандарттарға сай жасалған иммитаторлар, муляждармен жабдықталған, 11 оқу-симмуляциялық бөлмелер, студенттердің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бағалап сынақтан өткізетін 4 мониторинг орталықтары, ЕДШ пәні бойынша және салауатты өмір салтын іске асыру мақсатында ашылған тренажер залы, физиотерапия, массаж кабинеттері, Ламаз мектебі, жанұяны жоспарлау бөлмесі, босану залы, операциялық блок, анатомия мұражайы, мәйіттік шаруашылық, стоматологиялық поликлиника, паллиативтік және гериатриялық күтім көрсету бойынша оқу орталығы т.б. бөлмелер бірнеше жылдар бойы өзінің жұмысын жалғастыруда. Фармация және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының құрамында бірнеше жылдан бері Фармация мамандығының тәжірибелік алаңына айналған «Фитобар», «Фитоогород» және «Оқу дәріханасы» жұмыс істеуде. «Оқу дәріханасында»  дайын дәрілік түрлер және шипашақтық-өндірістік бөлімдер ұйымдастырылған. Бұл «Оқу дәріханасын» ашудың негізгі мақсаты орта фармацевтикалық білімі бар мамандардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға жағдай жасалған.

 Атап айтатын болсақ «Фармакология» пәнінде оқып үйренген дәрілік препараттарды топ-тобымен сөрелерге орналастыра алуға, «Дәрілік нысандар технологиясы» пәнінен шипашақтар бойынша дәрілік түрлер дайындауға, дайындалған дәрілік заттарға сандық және сапалық сараптама жүргізіп, оларды есептеп, нәтижелерін арнайы журналдарға тіркеуге сонымен қатар «Менеджмент және маркетинг негіздерімен фармация ұйымдастыру және оның экономикасы» пәнінен шипашақтарды қабылдап, оларға фармацевтикалық талдау жүргізуге, рәсімделуінің дұрыстығын тексеруге, шипашақтарды арнайы журналдарға тіркеуге, босатуға, шипашақсыз босатылатын дәрі-дәрмектердің аналогтарын ұсынуға, тауарлардың кіріс және шығыс операциялары мен құжаттамаларын жүргізуге, дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін ескере отырып оларды сақтай білуге, жарамсыз күйге түскен дәрілік заттарды жоюға, фармацевтердің еңбек ақысын есептеуге, дәрілік заттарды жарнамалауға сонымен қатар фармацевтикалық этика және деонтолгияны сақтауға үлкен септігін тигізеді. 

Оқу орнында берілетін білімнің қоры білім алушының оны шынайы өмірде пайдалана алуына, түрлі жағдайларда тығырықтан шығуына негіз болады. 

Мен осындай базасы бар колледжде медициналық және  фармацевтикалық білімді де білікті мамандардың даярланып шығуына сенімім мол!

А.ХУДИЯРОВА, 

Түркістан медицина колледжінің №6 ЦӘК оқытушысы 

Елімізде «Әйелдер ипотекасы» қашан жүзеге асырылатыны белгілі болды
Түркістан: Балалар үйінің тәрбиеленушілері қуанышқа кенелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу