«Сайрам-Өгем» табиғи паркінде тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Oinet.kz 01-01-1970 2861

«Рейтинг» газеттінің 2013 жылғы 13 маусымдағы №22 санында жарияланған «Табиғатты қорғаушылар табиғатты тонап жатыр» деген мақалаға байланысты Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі төмендегіні мәлімдейді:

image.png

Ұлттық паркке қарасты Төле би филиалы аумағындағы Борлы сай учаскесіндегі бірқатар бұлақтардан шығатын табиғи сулар сондағы борлы ангидридтер мен әк, гипс жыныстарының еру әсерінен ағып шығатын сулардың сапасын пайдалануға жарамсыз әрі зиянды етуде. Осы жағдайды жақсарту мақсатында Төле би аудандық әкімдігі «Недра-Проект» ЖШС-не (орындаушы лицензиясы №0041950, 2007 жылғы 8 қазанда  Қоршаған ортаны қорғау министрлігі берген) сол учаскедегі суды  тазалаудың жобасын дайындауға тапсырыс беріп, жоба 2009 жылы дайын болған. Жобада сондағы ағын суларды тазалаудың 4 әдісі қаралып, оның тиімді, қаржыны аз қажет ететін жолы – суды ластайтын жыныстарды механикалық жолмен алып, тазалап, орнын жаңа топырақпен толтыру деп табылған.

Бұл жоба мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардан өткізіліп, жұмысты жүргізуге «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы, облыстық төтенше жағдайлар департаменті және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша республикалық уәкілетті орган Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті келісімдерін берген. Осы рұхсатнамалардан соң 2010 жылы Төле би ауданындағы «СПИГ» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып ол учаске суға зиянды ангидридтерден тазалануда. Келісім-шарт 2015 жылға дейін жасалған. Сол мерзімге дейін аталған серіктестік тазаланған жерлерге топырақ төсеп жергілікті ағаш түрлерінің жас көшеттерін отырғызуға міндеттеме алған.

Серіктестіктің берген мәліметтеріне сай бюджетке 2011 жылы – 7 миллион 447 мың теңге, 2012 жылы – 13 миллион 757 мың теңге, 2013 жылдың 4 айында 2 миллион 710 мың теңге қаржы төленген (Төле би аудандық салық басқармасына). Серіктестіктің жұмыс барысы Төле би филиалы тарапынан қадағаланып отырады.

Сонымен қатар серіктестік сол учаскеде жұмыс істейтін жұмысшылар мен техниканың парк аумағына кіргені үшін ережеге сәйкес төлемақы төлейді. Әр жылдың соңында және тексеру рейдтері кезінде филиал мамандары тарапынан бақылау жүргізіліп кесім жасалады, егер қоршаған ортаға зияны бар әрекет жасалса немесе басқа кемшіліктер анықталса, серіктестік сол кемшіліктерді түзеткенге дейін жұмыс уақытша тоқтатылады.

Аталған мақала шыққан соң «СПИГ» ЖШС директорына тазалау жұмыстарын сапалы жүргізу, жобадан ауытқымау және тазаланған жерлерге топырақ төсеу қосымша қатаң ескертілді. Серіктестік 2013 жылғы 15 шілдеге дейін топырақ тасуды бастауды міндетіне алды және 2013 жылғы қазан айында сол жерді толық рекультивация жасайды.

Сонан соң сондағы ағын судың құрамы тексерілетін болады. 

Газетте жарық көрген мақалаға сұхбат берген А. Омаров бұрын ұлттық парктің Төле би филиалында айналым инспекторы болып жұмыс істеп, 2013 жылғы сәуір айында қызметтен босатылған азамат. Оның айтқандары – жалпылама дәлелсіз деп есептейміз. 

А. Құлтабаров,

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі  бас директорының міндетін уақытша атқарушы

Мұрағаттан, 20.06.2013 ж

«Алдараспан» көрермендерін алдауға көшті ме?
Түркістан облысында 30-ға жуық «парасаттылық мектептері» жұмыс істеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу