Әмбебап ангиограф. Күрделі ота жасауға көмектеседі

Oinet.kz 17-12-2017 939

Оңтүстік Қазақстанда облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері қан тамырларды зақымдамай-ақ жүрекке, миға күрделі оталар жасауға көшті. Олар жыл сайын кемінде мың науқасты хируругиялық жолмен емдеп, 1500-ден астам зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл бағытта медицина мамандарына таяуда ғана іске қосылған елімізде ең соңғы үлгідегі әмбебап ангиограф кешені көмектеседі. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев аталған аппаратты журналистерге таныстыру барысында әңгімелеп берді.  

Screenshot_48.jpg

– Жаңа ангиографиялық жүйе бізге облыс тұрғындарына көрсетілетін шұғыл және жоспарлы ренгенхирургиялық емнің қолжетімділігін және рентгенографиялық зерттеулер мен оталарды жаңа жоғарғы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біріншіден, осы әмбебап ангиографтың көмегімен мидың жарылған қан тамырларын қалпына келтіру оталары жасалады. Облыстық клиникалық ауруханасының базасында облыстағы ең үлкен истульт орталығы орналасқан. Инсультке шалдыққан адамдарға мұндай күрделі хирургиялық ем жүргізу олардың өмірілерін сақтап қалуға, әдеттегіден бірнеше күн бұрын тез жазылып кетуіне септігін тигізеді. Екіншіден, енді мұнда да облыстық кардиологиялық орталықтағыдай инфартке шалдыққандардың жүректеріне стенттеу оталары жасауға болады. Яғни, кардиоорталықта жүрек аурулары көбейіп жатса, науқастарды қабылдауға мұнда да мүмкіндік бар. Үшіншіден, қан тамыр ауруларына күрделі ота жасай аламыз. Осы ауруханада қан тамырлар хирургиясы бөлімшесі бар. Төртіншіден, бұрын диабеттік табан ауруларына шалдыққан науқастардың аяғын кесу оталарын жасауға мәжбүр болатынбыз. Енді осы аппараттың көмегімен ешқандай зақым келтірмей қан тамырларды кеңейтіп, аяқты сақтап қалуға болады, – дейді Мұқан Кеңесбекұлы.

Бүгінде әлемді алаңдатқан ең қауіпті өлімге себепкер дерттің бірі – инсульт. Елімізде аталған ауруға шалдыққан адамдардың 80 пайызы жұмыс істеу қабілетінен айырылып қалады екен. Оңтүсік Қазақстанда осындай сырқат түрлерінің алдын алу, оңалту мақсатында облыстық клиникалық ауруханасында Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ашылған нейроинсульттік орталығы 2012 жылдың қаңтарынан бері жұмыс істеп келеді. Бұдан бөлек, мұнда Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен ишемиялық және геморрагиялық инсульттардан болатын өлім деңгейінің жоғарылығын, сонымен қатар ұзаққа созылатын қымбат медициналық және оналту шараларын қажет ететінін ескере отырып хирургиялық емдеу әдістерін енгізу мақсатында нейрохирургия бөлімі құрылған. 

Сонымен қатар, жылына 2000-нан астам қан тамырының патологиясы бар науқастарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қан тамыр хирургиясы бөлімшесі жұмыс істейді. Осы бөлімшеде ем қабылдайтын науқастардың 60 пайыздан астамына диагностика мен ем үшін ангиографиялық зерттеулерді жүргізу аса маңызды. Солардың арасында ангиопластика, стенттеуді, эмболизацияны радиожиілік абляция-эндоваскулярлық зертеу мен емдеу әдістерін қажет ететін созылмалы жүрек жетіспеушілігі, диабетті табан орталығы, гинекология және хирургия бөлімшелерінің де сырқаттары бар.

Ал, Philips Allura Xper FD20/15 жоғарғы кластағы бипланды ангиографы науқастарға сәулелік жүктемені орта есеппен 75 пайызға төмендетуімен визуализациялаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Бұл ангиографиялық жүйе шолу аумағының үлкендігімен және суреттің жақсартылған ажыратымдылығы мен контрасттылығымен, суреттерді  теңдесі жоқ сапада жасауға болатындығымен ерекшеленеді.  Аталған ерекшеліктер өз кезегінде интервенциялық радиология мамандарына зерттеулер мен ем-шараларды сапалы жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Аппараттың қан тамыры ауруларының диагностикасы саласында мүмкіндіктері өте үлкен. Бұл емдеу кезеңіндегі зерттеулер арқылы оталық ем қажеттілігін анықтаудың өте маңызды сатысы.

Жыл сайын облыстық клиникалық ауруханасы базасында әмбебап ангиограф кешенінің көмегімен 1000-ға жуық жоғары мамандандырылған оталар  (тромбоэкстракция, ангиопластика стенттеу, эмболизация) және 1500-ден астам зерттеулер (коронарография, ұйқы артериялары және перифериялық қан тамырлар) орындалатын болады.

Жаңа ангиографиялық жүйе аурухана мамандарына нәтижелі емдеу әдістерін қолдануға көмектеседі. Себебі емдеу жетістіктері дәрігерлердің біліктілігімен қатар практикада қолданылатын қазіргі заманауи технологияларға да байланысты. 

– Біз мұндай жоғары сапалы ангиораф аппаратын сатып алуды осыдан екі жіл бұрын жоспарлар, мамандарымызды Астана, Алматы қалаларына жіберіп, мамандандырылған орталықтарда іс-тәжірибелерге араластырып, біліктіліктерін арттырдық. Сосын дәрігерлерімізді Ресей, Оңтүстік Корея елдеріне жіберіп оқыттық. Бүгінде мамандарымыз жаңа әмбетап ангиографтың көмегімен облыс тұрғындарына медицицналық қызмет көрсетуге сақадай сай дайын. Қазірге дейін 4 ота жасап үлгерді, – дейді басқарма басшысы. 

Ал, аурухананың санавиация бөліміне 4 көліктің кілті табыс етілді. Жаңа реанимациялық көліктердің екеуі 1 айға толмаған сәбилерді ауруханаға жеткізумен айналысса, екеуі ересектерге арналады. Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, ең бастысы – мұнда ақылы қызмет көрсетілмейді.

– Жалпы санавиация бөлімінде 10 көлік бар. Оның үшеуі балаларға арналған. Санавиация қызметі алыс аудандардағы науқастарды ауруханаға жеткізумен айналысады. Мұндағы көліктер заман талабына сай жаңартылып отырады. Алайда, жаңа 4 реаномобильдің бір мезетте пайдалануға берілгені бірінші рет болып отыр, – деді облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов. 

Облыс бойынша жылына 5000-ға жуық науқас санавиация қызметіне жүгінеді екен. Оның арасында жас балалардың саны басым. Денсаулық сақтау басқармасы мұндай көліктерді он жылда бір рет ауыстырып отырады. Жаңа әмбебап ангиограф пен реаномобильдерге облыстық бюджеттен 1 млрд 200 мың теңге бөлінген

Қазақстан Даму банкінің басшысы зейнетақы қорының құрылуын қателікке теңеді
Тоқаев Тасмағанбетовті қызметінен босатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу