Тәуелсіздік күні Нұр-Сұлтанда 55 сәби дүниеге келді
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін 0.00-.16.00 аралығында қаладағы перзентханаларда жалпы саны 55 бала дүние есігін ашқан, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Олардың 31 қыздар, қалған 24-і ұл балалар. Бұл №2, №3 перинаталдық орталық пен №2 қалалық көпсалалық ауруханада тіркелген мәліметтер.
Сарыарқа аудандық әкімшілігі мереке күні өмірге келген кішкентай астаналықтарды құттықтады.


