Ақтаулық жігіт әскери жаттығу кезінде қаза тапты
Қайғылы оқиға 11 желтоқсанда әскери қоян-қолтық ұрыстан жаттығу кезінде орын алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды Oinet.kz порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Көрнекі сурет
Қоян-қолтық ұрыстан жаттығу кезінде 1996 жылғы жас жігіт қайтыс болды.
Облыстық полиция департаментінде мәлім еткендей, аталған факт ҚР қылмыстық кодексінің 001 бабы (кісі өлімі) бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.