Иманғали Тасмағанбетов туған күнін қасиетті Меккеде қарсы алды

Oinet.kz 10-12-2019 2134

Күні кеше пайғамбар жасына толған белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың Меккедегі суреті желі де жарияланды, деп жазады Oinet.kz.

Иманғали Тасмағанбетов.jpg

Мемлекет және қоғам қайраткерінің қажылықта жүрген суреті Instagram әлеуметтік желісіндегі hickmet_travel парақшасында пайда болды.

"Қажылыққа келушілер - Аллаһтың қонағы болып табылады. Халықтың бір туар азаматы Иманғали ағамыз да 63-ке толып, пайғамбар жасында дастарханның төрінде емес, қасиетті Меккеде Аллаһтың қонағы болып қайтты. Тілеген тілегіңіз қабыл болсын. Иманғали ағамызға Аллаһ Тағала разы болсын! Әмин", - делінген жазбада.

Иманғали Тасмағамбетов қызметтік мансабын отыз жыл бұрын бастаған болатын. Ол кезде саясаткер ЛКЖО ОК бірінші хатшысы болып тағайындалған. Бірнеше жыл бойы саяси және мемлекеттік қызметте болған Тасмағамбетовке кейін өңір басқару сеніп тапсырылады.

2002 жылы ол еліміздің премьер-министрі болды. Бірнеше айдан соң, 2003 жылы Қазақстанның мемлекетік хатшысы лауазымын иеленді.

Оған қоса, саясаткер еліміздің екі ірі қалаларында басшы болды. Тасмағамбетов 2004-2008 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі қызметін атқарса, алты жыл бойы Қазақстанның бас қаласы- Астананы (қазіргі Нұр-Сұлтанды) басқарды.

Саясаткер Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып үш жыл қызмет етті. Бұл орынға ол 2017 жылы 3 ақпанда тағайындалды.

Томирис таққан әшекей 125 млн теңгеге сатылды
Елбасының жақын досы Юрий Лужков дүние салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу