Әйгілі Виктория сарқырамасы құрғап кетті
Әлемге әйгілі африкалық Виктория сарқырамасының су деңгейі күрт төмендеп, құрғап барады, деп хабарлайды The Guardian порталына сілтеме жасаған Oinet.kz.
Замбия мен Зимбабведе миллиондаған туристерді өзіне еріксіз тартатын сарқырама бүгінде құрғақшылық бойынша жаңа рекордтық деңгейді көрсетті.
Африканың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тұрғын қуаңшылық зардабын тартып отыр. Егінсіз қалған 45 миллион халық азық-түлікті сырттан тұтынуға мәжбүр.
Зимбабве мен Замбези өзеніндегі СЭС-тен ел электр қуатының едәуір бөлігін алады.
Сарапшылар, климаттың өзгеруі Виктория сарқырамасының жойылып кетуіне әкеледі деп алаңдауда.