Жаңа жылдық шыршаларды сәндеуге арналған идеялар
Жаңа жылға арналған жоспарлар, сәнді көйлектер, жаңа жылдық макияж... Барлығын ойластырып қойсаңыз, 2020 жылға арнап жаңа жылдық шырша құруды ұмытпаңыз. Себебі, шыршаның аурасы мүлдем бөлек болады. Сіз шыршаны құрып, сәндеу арқылы өзіңіздің балалық шағыңызды еске ала отырып, отбасыңызға, үйіңізге ерекше сезім сыйлайсыз. Ал ендеше биыл шыршаны қалай әрлеу сәнде?
2020 жылды қарсы алу үшін шыршаларды алтын және күміс түстес заттармен құрастырған жөн. Ал жұлдыз-жорамалға сенбейтін жандар үшін бұл мәселе емес, кез-келген түсте құрастыра беріңіз. Бастысы, үйіңізге әр беріп тұрса болғаны.
OINET.KZ сайты сіздерге жаңа жылдық шыршаны әрлейтін бірнеше идея ұсынады.
Айтпақшы, жаңа жылдық тәбетті ашып, керемет көңіл сыйлау үшін ерекше сәндеу үлгісі бар. Ол жеміс-жидектермен немесе жаңа жылдың символы мандариндерден жасалған шырша.
Қалыпты сәннен шаршасаңыз немесе бір-бірінен айнымайтын гирляндалар көзіңізге түспейтін болса, өзіңіз сыртына тоқыма матамен қаптап көріңіз.