«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Фото "Құрмет" ролигінен алынды
Режиссер Серік Таласов көрермендерді тағы да жаңа ролигімен қуантты. Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен түсірілген «Құрмет» деп аталатын бұл роликте режиссер Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тіліне немқұрайлы қарайтын қонақүй қызметкері мен орысша білмейтін азамат арасындағы диалогты көрсетеді. Олар бір-бірімен қалай түсіністі? Оқиға немен аяқталды? Толығырақ мына сілтемеден көре аласыздар.