Батырбек Көшербай - Төлеби ауданының құрметті азаматы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Батырбек Көшербай Төлеби ауданының құрметті азаматы атағын алды.
Б.Көшербай 2006-2009 жылдар аралығында аталған ауданның әкімі қызметін атқарып, өңірдің дамуына өзіндік үлесін қосқан, өзіндік қолтаңбасын қалдырған азамат ретінде белгілі. Ол бұдан кейінгі жылдары облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Бәйдібек ауданының әкімі қызметерін абыроймен атқарған.
Былтырдан бергі аралықта ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істейді.
Қызметті абыроймен атқарып, елдің алғысына бөленіп жүрген азаматқа «марапат құтты болсын» дейміз!